Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, ішкі саясат басқармасы басшысы лауазымынана тағайындалған Бейсенбай Дәулетұлы 1982 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша — журналист, құқықтанушы.
Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласында "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінің тілшісі ретінде бастаған. 2005-2017 жылдары Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық "Оңтүстік Қазақстан" қоғамдық-саяси газетінің редакциясы" МКК-нің директор бас редакторы, "Айқын-Литер" ЖШС "Айқын" газетінің Астана қаласындағы тілшілер қосынының жетекшісі, "Елордалық "Астана" журналы" ЖШС Бас редактор, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы лауазымдарын атқарған.
Бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы лауазымында қызмет еткен.