Журналист ұятсыз қыздарды эфирге шығарған Ләйлә Сұлтанқызын масқаралады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Журналист ұятсыз қыздарды эфирге шығарған Ләйлә Сұлтанқызын масқаралады

Журналист ұятсыз қыздарды эфирге шығарған Ләйлә Сұлтанқызын масқаралады

Белгілі журналист Арман Сқабылұлы Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін «Әйел бақыты» бағдарламасын сынап тастады.

  • 12 Сәуiр 2017
  • 1658
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Әдейі “Әйел бақыты” секілді бағдарламалар үшін жариялап отырмын. Бұдан артық қандай сөз керек сіздерге, Ләйла Сұлтанқызы! Батысқа еліктемейікші! Біресе, жынысын ауыстырған кейіпкерді жарнамалап, кеше ғана “пәктігін” жасатып, оны жігіті біліп қойған қызды бүкіл елге жария қылдыңыздар. Бүйткен рейтингтерің құрысын! Жүрсін енді жүздеген қыз “пәктігін” сатып алып… Сендерді кез-келген ата-ана сотқа берсе болар еді. Ұлтқа тәрбие береді деген “Ұлттық арнаның” сиқы осы! Оқыңыздар!» – деген Арман Сқабылұлы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық сана туралы айтқанынан үзінді келтірді.

“Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда /Н,Назарбаевтың “Егемен Қазақстандағы” мақаласынан/.


Соңғы жаңалықтар