Журналистер ақшалай сыйлықтармен марапатталды - Ақтөбе - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Журналистер ақшалай сыйлықтармен марапатталды - Ақтөбе

Журналистер ақшалай сыйлықтармен марапатталды - Ақтөбе

Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов Қазақстан журналистері күніне орай өңірдің бірқатар журналистері мен редакторларын ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

  • 27 Маусым 2011
  • 431
Фото - Caravan.kz

«Ақтөбе журналистикасы — біздің күнделікті өміріміздің айнасы, халықтың көңіл-күйінің барометрі. Облысымыздың өзекті мәселелерін құзырлы және объективті таныстырып отырған барша журналистерге шынайы алғысымды білдіремін», — деді әкім өз сөзінде.

Облыстық ішкі саясат департаментінен хабарлағандай, түрлі бұқаралық ақпарат құралдарының 20 журналисі 100 мың теңгеден ақшалай сыйлықпен марапатталды, олардың қатарында Әйтеке би және Қарғалы аудандық газеттерінің редакторлары Геннадий Стручков пен Кәмшат Жұмағазиева бар.

Әкім сондай-ақ, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник», «Диапазон», «Эврика», газеттері мен «РИА ТВ», «Қазақстан-Ақтөбе» телеарналарының ұжымына 500 мың теңгеден сыйлық тағайындады. Оған қоса, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» облыстық газеттерінің ұжымдарының басын қосып отырған «Шамшырақ Ақтөбе» ЖШС-нің директоры Мейірхан Ақдәулетұлына ВАЗ-21074 көлігінің кілті табыс етілді.

Ал «РИКА ТВ» телеарнасының