Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, аталмыш заң бойынша 2004-жылдың қаңтарынан бастап спиртті өнімдердің жарнамасына толық тыйым салынған болатын. «Алма Медиа» Баспа Үйі жарнама агенттігінің директоры Валерий Сафоновтың айтуынша, бұл тыйым қазақстандық БАҚ-тардың 15 проценттік кірістен қағылуына апарып соқты. Маманның пайымдауынша, бұл өз кезегінде БАҚ қожайындарын шығындар құрылымын қайта қарауға итермелеу салдарынан телеарналардағы балаларға арналған және білім беру мақсатындағы пайдасыз бағдарламалардың қысқартылуына түрткі болды.
Жаңа заңды В.Сафонов «түзетулер мен толықтырулар енгізуді талап ететін шикі заң » ретінде сипаттады.
Конгреске қатысушылар аталмыш заңға қатысты көптеген түрлі ұсыныстар мен ескертпелер айтты. Соның ішінде заңға 6 айға мораторий жариялау туралы ұсыныс та бар.