Журналистер полицияның отставкадағы полковнигінің өзін-өзі өлтіруіне қатысты істі мұқият тексеруді талап етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Журналистер полицияның отставкадағы полковнигінің өзін-өзі өлтіруіне қатысты істі мұқият тексеруді талап етеді

Журналистер полицияның отставкадағы полковнигінің өзін-өзі өлтіруіне қатысты істі мұқият тексеруді талап етеді

АЛМАТЫ. 22-қаңтар. Kazakhstan Today. "Караван" апталығының редакциясы ұжымы өткен аптада "Алматыжердің" шағымы бойынша сот мәжілісінен кейін өзін-өзі атып өлтірген полицияның отставкадағы полковнигі Мұратжан Бейсебаевтың өліміне қатысты істі мұқият тексеруді талап етеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 22 Қаңтар 2007
  • 526
Фото - Caravan.kz

«Караван» Мұратжан Бейсебаевтың өліміне қатысты іске полиция тарапынан да, прокуратура тарапынан да баса назар аударылуын талап етеді. Бұл іске қатысты тексеру жұмыстары жан-жақты әрі обьективті болуға тиіс. Тексерулер тек осы оқиғамен ғана шектеліп қалуға тиіс емес, жалпы инвестор атағын жамылғандар мен «Алматыжердің іс-қызметіне» жан-жақты талдау жасалуы қажет, деп жазады апталықтың журналистері.

Kazakhstan Today агенттігі бұған дейін хабарлағанындай, полицияның отставкадағы полковнигі, 48 жастағы Мұратжан Бейсебаев өткен аптада өз үйінің терезесі алдында өзін-өзі атып өлтірген. Көршілердің айтуынша, жігіт «Алматыжер» компаниясының үй иелеріне қарсы шағымы бойынша өткен сот мәжілісінен орылғаннан кейін өзіне-өзі қол жұмсаған. М.Бейсебаев тұрған «Алтын квадрат» атанған өңірде орналасқан үй бұзылуға тиіс болған. Құрылыс салушы компания пәтер иелеріне өтемақы ретінде аз ғана тиын-тебен ұсынған.

«Алматыжер» компаниясындағылар «Караван» журналистеріне болған оқиға туралы аса құлықсыз түсініктеме берген. «Ол (Бейсебаев) баспанасына белгіленген бағаға келіспегендіктен, біз сот сараптамасын тағайындадық»,- деді «Алматыжер» МКК директоры орынбасарының міндетін атқарушы Баян Абдулланова. Оның айтуынша, пәтер иесіне қазіргі баспанасының орнына «сол маңайдан үш бөлмелі пәтер ұсынылған». Алайда Бейсебаев «құрылыс салушы компаниямен тікелей сөйлескісі келетінін айтып, ауқымды өтемақы талап еткен».

Ал журналистерге түсініктеме берген тәуелсіз бағалаушы Александр Калининнің айтуынша, қазір Жоғарғы сотта арнайы құжат дайындалуда, соған сәйкес болашақта бұзылатын үйлердің қожайындарымен құрылысшы компанияның өзі тікелей байланысқа шығуға тиіс. Және тәркіленетін жылжымайтын мүлік иесі сұраған бағаны беруге тиіс болмақ.

Мақала авторларының пікірінше, мемлекет «өтемақыға қатысты келіссөздер жүргізілетін бандиттік әдістерден бойын алшақтатқалы отыр». «Алматыжер» — соттарда инвесторлардың мүддесі үшін әрекет ететін мемлекеттік құрылым өзінің іс-әрекеттерімен қазір биліктің беделіне көлеңке түсіріп қана қоймай, сол беделден жұрдай етті»,- деп жазады апталық.

Автордың айтуынша, қазір құрылыс салу жұмыстарының бейберекет жүргізілуі қорқытып отыр. «Бас жоспарды ешкім көзімен көрмеген қазіргі жағдайда жұмыстардың ауқымын қалай бағалауға болады? Құрылысшы компанияның тілегі бірден орындалады: келіп осы ауданнан жер керек десе, мінеки деп бере қоямыз, үй саламын, немесе, мейманхана тұрғызамын десе тағы да еркі біледі»,- дейді А.Калинин.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта