Журналистерді қорғау жөніндегі комитет Қазақстандық БАҚ-тар ахуалына алаңдаушылық білдіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Журналистерді қорғау жөніндегі комитет Қазақстандық БАҚ-тар ахуалына алаңдаушылық білдіреді

Журналистерді қорғау жөніндегі комитет Қазақстандық БАҚ-тар ахуалына алаңдаушылық білдіреді

Үкіметтік емес құқық қорғау ұйымы болып табылатын Журналистерді қорғау жөніндегі комитет Қазақстандық БАҚ-тар ахуалына алаңдаушылық білдіреді. Ұйымның атқарушы директоры Энн Купер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жолдап, онда Қазақстанда "баспасөз бостандығына қатысты ахуалдың нашарлай түскені туралы", "тәуелсіз журналистерді саяси себептерге байланысты сотпен қудалау" орын алып отырғанын мәлімдеген. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарламасынан KZ-today тілшісіне мәлім болды.

  • 9 Сәуiр 2004
  • 603
Фото - Caravan.kz

Журналистерді қорғау жөніндегі комитеттің атқарушы директоры өз хатында Ақтөбелік «Диапазон» газетінің редакторы Владимир Михайловқа қатысты ахуалды алға тартады. Ол сот қаулысын орындамағаны үшін 2004-жылдың 17 наурызында 1 жылға түрмеге қамалған болатын. Э.Купердің айтуынша, Ақтөбедегі ең көп таралыммен басылатын «Диапазон » газеті «сынап-мінеген материалдары үшін бірнеше жыл бойы қала басшыларының, бас прокуратура мен жергілікті сот мекемелерінің наразылығына душар болған».

Э.Купер осы орайда сөз бостандығын қорғау жөніндегі «Әділ сөз» қорының төрайымы Тамара Калееваның пікірін мысалға келтірген. Оның пайымдауынша, соттың В.Михайловқа қарсы әрекеттері «қалалық әкімшіліктің «Диапазон» газетін қаржылық тұрғыда құрдымға кетіруге бағытталған талпыныстарының» бір көрінісі болумен бірге «алдағы күзге белгіленген парламент сайлауы қарсаңында тәуелсіз оппозициялық бұқаралық ақпарат құралдарының үнін тұншықтыруға мәжбүрлеуді мақсат тұтқан үкімет саясатының бір құрамдас бөлігі» болмақ.
Журналистерді қорғау жөніндегі комитеттің атқарушы директоры Қазақстан президентін «қоғам өкілдерінің деректерді мұқият зерттеуге деген талпыныстары мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сынап-мінеуіне жергілікті және жалпыұлттық басшылардың төзімділікпен қарауы үшін» «қолдан келгенінше қолғабыс жасауға» шақырды. «Қоғамды ақпараттардан құлағдар ету жөніндегі кәсіби ролін нәубеттен қорыққан журналист ешқашан дұрыс атқара алмайды»,- дейді Э.Купер.
Оның пікірінше, «Республика басшылығы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2009-жылы төрағалыққа сайлану арқылы бұрынғы Кеңестік республикалар арасында адам құқықтарын қорғау саласында жетекші роль атқаруға мүдделілік танытып отырғанын ескерсек, мұндай шара — Қазақстанда демократияны дамытудағы оң қадам болмақ».

Соңғы жаңалықтар