Журналистердің мәртебесін заң арқылы айқындайтын уақыт жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Журналистердің мәртебесін заң арқылы айқындайтын уақыт жетті

Журналистердің мәртебесін заң арқылы айқындайтын уақыт жетті

Журналистердің мәртебесін заң арқылы айқындайтын уақыт жетті. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Ирак Елекеев осылай мәлімдеді.

  • 29 Маусым 2011
  • 416
Фото - Caravan.kz

«Біздің қоғамда журналистерге құрмет көрсету тек қана Баспасөз күнімен шектелетін сияқты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың белгілеп беруінің арқасында маусымның соңғы жексенбісі Баспасөз күні болып аталып жүр. Ол ешқандай заңмен бекітілмеген. Журналистер халықтың барлық әлеуметтік жағдайын көтереді. Алайда өздерінің аш-жалаңаш жүргеніне біздің қоғам мән бермейді. Баспасөз күніне орай таяуда Астана әкімшілігі бір журналистке пәтер берді және «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған байқау жеңімпазы ретінде бір журналистке пәтер берілді. Ал мыңдаған журналистер пәтерсіз, үй жалдап, тапқан ақшаларын солардың қалтасына салып, біреудің босағасында жүр»,- деді депутат.

Сонымен қатар И. Елекеев жақында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан журналистикасының өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткенін, оған еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен жетекші журналистер қатысып, қазіргі журналистиканың аса маңызды мәселелері сөз болғанын айтты. «Сол отырыста қаламгерлер журналистердің әлеуметтік, мемлекеттік, әкімшілік қызметшілер тарапына жатпайтынын, соған орай мәртебелері айқындалмай келе жатқанын ашық айтылды. Осы мәселені заң түрінде шешетін уақыт жетті деп ойлаймын. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға түзетулер енгізіліп, журналистерге де пәтер алуда жеңілдіктер қарастырылғаны жөн. Осы көтерілген мәселелердің заң түрінде шешілуіне ықпал етуіңізді сұраймын»,- деді депутат Ирак Елекеев.

Соңғы жаңалықтар