Журналистерге үй беріле ме? Министр Абаев жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Журналистерге үй беріле ме? Министр Абаев жауап берді

Журналистерге үй беріле ме? Министр Абаев жауап берді

Бүгін ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халық алдында есеп берді

  • 16 Мамыр 2018
  • 57
Фото - Caravan.kz

 Журналистерді үймен қамтамасыз ету мәселесін кез келген БАҚ өзі шешуі керек. Бұл туралы ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақпарат министрінің халыққа есеп беру кездесуінде журналистер БАҚ өкілдерін баспанамен қамту мәселесін көтерді.

"Сұрақ өте өзекті. Біздің елімізде БАҚ-тың 95 проценті жеке қолда. Тиісінше барлық жекеменшік БАҚ бұл мәселемен өздері айналысуы керек. Журналистер мұғалімдер сияқты бюджеттік ұйымдарда жұмыс істемейді. Оның үстіне қазір мемлекет халықты үймен қамту бағытында тиісті шараларды қолға алып жатыр. Соның ішінде Елбасының "7-20-25" бағдарламасын айтуға болады", — деді министр.

Абаев мемлекеттік БАҚ-та істейтін журналистердің мәселесі белгілі бір деңгейде шешіліп жатқанын атап өтті.

"Біз әр ведомствоға бағынысты ұйымның басшысына осы мәселені қоямыз. Мемлекеттік БАҚ өкілдеріне үй беру мәселесі белгілі бір деңгейде шешіліп жатыр, кейбіреулері жатақханамен қамтылған. Егер ведомствоға бағынышты ұйымдардың басшылары маған ұсыныспен келсе, біз оларды міндетті түрде қолдаймыз. Сондықтан БАҚ өкілдерінен ұсыныс күтемін", — деді ақпарат министрі.


Оқи отрыңыз: 

Экс-министр Жақсылық Досқалиев қазақстандықтарға үндеу жасады
Шымкентте терроризм айыбымен оқушы сотталды
Оңтүстік Қазақстанда биыл 20 мыңға жуық тұрғын таза ауыз сумен қамтылады

 

Соңғы жаңалықтар