"Журналистикадай адал кәсіпті мазақ ету" - Камшат Тасболат тікелей эфирде шоу жүргізген Мөлдір Мұқанова туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 511.77
  • 593.19
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Журналистикадай адал кәсіпті мазақ ету" - Камшат Тасболат тікелей эфирде шоу жүргізген Мөлдір Мұқанова туралы

"Журналистикадай адал кәсіпті мазақ ету" - Камшат Тасболат тікелей эфирде шоу жүргізген Мөлдір Мұқанова туралы

Журналист Камшат Тасболат тікелей эфирде "Алтын ханым" жобасын жүргізген Мөлдір Мұқанованы қатаң сынға алды.

  • 28 Мамыр
  • 49
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Қазақстанда журналистика өлді дей беріңіз… Бір кәсіби журналист табылмағаны ма? Бұл тілді қорлау, көрерменді сыйламау, журналистикадай адал кәсіпті мазақ ету… Этикет деген болуы керек. Қолыңнан келмей ме, өзің көтере алмайтын жүкті мойныңа алма. “Әй, жүргізе салам” деп, тиктокта құйрығыңды бұлғаңдатып билегендей оңай болып шықпайды. Кәсіби деңгейде бағдарлама жүргізу үшін журналист 4-5 жыл журфакта оқиды. “Пәленшенің қатыны” деген мамандық емес», — деп жазды журналист.

Естеріңізге салсақ, кеше ғана Баян Алагөзованың «Алтын ханым» атты әйелдерге арналған жоба өтіп, ақтөбелік Самал Асанова жеңіске жеткен еді.