Журналистің азаматтық сезімін, отаншылдығы мен ар-ұжданын ешкім де жекешелендіре алмайды - мемлекет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Журналистің азаматтық  сезімін, отаншылдығы мен ар-ұжданын ешкім де жекешелендіре алмайды - мемлекет басшысы

Журналистің азаматтық сезімін, отаншылдығы мен ар-ұжданын ешкім де жекешелендіре алмайды - мемлекет басшысы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 19-ақпанда Атырауда басталған Қазақстан журналистерінің III конгрессіне қатысушыларға өз жолдауын жіберді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Ақпан 2004
  • 715
Фото - Caravan.kz

Жолдауда мемлекет басшысы «азаматтық қоғамның барлық институттарын төрт аяғынан тік тұрғызбайынша елді гүлдендіру мүмкін емес» дей келіп, олардың арасынан бұқаралық ақпарат құралдары айрықша орын иемденетінін атап көрсетті.

«Қазіргі БАҚ-тардың басым бөлігі жеке меншікте, дейтұрғанмен, журналистің азаматтық сезімін, отаншылдығын, намысы мен ар-ұжданын ешкім де жекешелендіре алмайды» ,- дейді Н.Назарбаев.
Өз жолдауында мемлекет басшысы журналистердің конгресс отырысындағы бірлескен жұмыстары «кәсіби журналистік этика қағидаларын, қазақстандық журналистердің өзіндік ар-ұждан кодексін жасап шығаруға септігін тигізетініне» сенім білдірді.
Елбасы Қазақстан журналистері мен форум жұмысына шығармашылық тапқырлықтар мен толайым табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар