Жарияланды: 400

Журналистті тікелей эфир кезінде өртеп жіберді

Боливияның оңтүстігіндегі Якуиба штатындағы Popular радиостансасының журналисі және иесі Фернандо Видаль тікелей эфирде бағдарламасын жүргізіп отырған кезде белгісіз біреулердің шабуылына ұшырады.

РБК-ның хабарлауынша, куәгерлердің айтуына қарағанда бетперде киіп алған төрт адам студияға кіріп, 78 жастағы жүргізушінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. Үшінші дәрежедегі күйіктер алған Видаль ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Оның басын, кеудесін, іші мен қолдарын күйік шалды. Санта-Крус департаментінің губернаторы Рубен Костас жәбірленген журналистке қолдауын білдіріп, оның тезірек жазылуын тіледі. «Мемлекеттік билік органдары объективті тергеу жүргізіп, қылмыскерлерді жазалағанын талап етемін», деп жазады губернатор сөздерін Los Tiempos. BBC хабарлағандай, бұл шабуыл журналистің кәсіби қызметімен байланысты болуы мүмкін, өйткені ол жергілікті билік көздеріне сын айтып, көршілес Аргентинамен шекарадағы контрабанда оқиғаларын тергеумен айналысқан еді. Якуиба полициясы қылмысты жасау күдігімен үш адамды ұстады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін