Жүрсін Ерман айтысқа қатысты: Елбасы маған жеке тапсырма берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүрсін Ерман айтысқа қатысты: Елбасы маған жеке тапсырма берді

Жүрсін Ерман айтысқа қатысты: Елбасы маған жеке тапсырма берді

Республикалық ақындар айтысының жеңімпазы "Алтын домбыра" иегері атанып, оған 5 миллион теңге беріледі.

  • 10 Желтоқсан 2018
  • 89
Фото - Caravan.kz

Астана қаласының 20 жылдығына және Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған VII "Алтын домбыра" республикалық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, "Астанам, сенсің айбарым" атты дүбірлі додасына елорданың жиырма жылдығына арналғандықтан жиырма ақын қатысқалы отыр.

"Айтыстың мақсаты VII республикалық ақындар айтысында жыл бойы республиканың әр өңірінде өткен айтыстардың жеңімпаздарын іріктеп жылдың қорытынды айтысы арқылы биылғы "Алтын домбыра" иегерін анықтау және Астананың 20 жылдығын жырға арқау ету. Сондай-ақ ұлтымыздың ұлы өнері, мақтанышы ЮНЕСКО-ның адамзаттың мәдени мұрасы қатарына қосылған төл өнерімізді дәріптеу болып табылады.

Бұл жыр додасында кестелі жыр, ұшқыр ой, суырыпсалмалық  қабілетімен дараланған ақын биылғы VII "Алтын домбыра" иегері атанып, бес миллион теңгемен марапатталады. Сөз бәйгесін Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізеді", — деді баспасөз мәслихатында Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері депортаментінің директоры Әбіл Жоламанов. 

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл аламанға Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Тілеген Әділов, Нұрмат Мансуров, Шалқарбай Ізбасаров, Хазірет Бердіхан, Сырым Әділов, Серік Қуанған, Ершат Қайболдин қатарлы жыл бойы республиканың әр өңірінде өткен айтыстардың жеңімпаздары ғана қатысады.            

"Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХҮ сессиясында Елбасы "Барлық облыстың әкімдіктеріне тапсырма беремін, айтыстарды өңірлерде өткізіңдер" деп айтқан болатын. Сөз соңында Нұрсұлтан Әбішұлы маған "Барлық облыстарда ақындар айтысын өткіз. Ең тәуірлерін жылдың соңында Астанаға жина" деп жеке тапсырма берді. Міне, Елбасының өзі ұйытқы болуымен, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қолдауымен аламан айтыс өткізгелі отырмыз", — деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.


"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында айтып өткен барлық құндылықтарды насихаттауда ақындардан асқан насихатшы жоқ. Айтыс ежелден келе жатқан ұлы мұрамыз. Қазіргі таңда рухани жаңғыруға мұқтаж болып отырғанымызда тура тәуелсіздік күнінде өткізгелі отырған айтыстан күтеріміз көп", — деді өз кезегінде Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты Дәулеткерей Кәпұлы. 

Ақындар айтысы "Қазақстан" орталық концерт залында 16-17 желтоқсанда өтеді, басталуы сағат 15-00-де.