Жұрт өртке оранған Абай облысы "әкімінің қызын, аста-төк өмірін" талқыға салды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұрт өртке оранған Абай облысы "әкімінің қызын, аста-төк өмірін" талқыға салды

Жұрт өртке оранған Абай облысы "әкімінің қызын, аста-төк өмірін" талқыға салды

 Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранханов тағы да жұрт талқысына түсті. Ол сұхбаттарының бірінде 1 миллион 900 мың теңге айлық алатынын айтып, елді бір шулатқан еді. 

  • 12 Маусым 2023
  • 3573
Фото - Caravan.kz

Енді Абай облысы өртке оранып, халық жылу жинап жатқанда әкімнің қызы делінген Мариям есімді бойжеткен туралы ақпарат тарап кетті. Оның аста-төк өмірі қызу сөз болып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Желіде Мариям есімді қыздың жеке ұшақпен шетелдерде демалатыны, Мәскеуде білім алып жатқандығы туралы жазылған. Суреттеріндегі образдарынан қымбат брендтерді байқауға болады.  Бір сөмкесі мен екі білезігінің өзі 43 миллион теңге шамасында шығып тұр. 

Жалпы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың үш баласы бар.Екі ұлының есімі белгілі.Олар- Нұржан және Жандос. Ал үшінші перзенті жайлы мәлімет жоқ. 

Мариям есімді бұл қыздың шын мәнінде әкімнің қызы ма, жоқ па белгісіз.