Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Желіде Әдия Мәулен есімді ақтаулық арудың әншінің ұлымен кездесіп жүргені туралы ақпарат тараған еді.
Сәкен Майғазиев өнердегі достары Мирас пен Құралайдың қыздарының ұзату тойында сөз сөйлеп, отбасындағы қуанышты жаңалықты растады.
”Той тойға ұласа берсін. Жаңа Жанар әпкеміз Айжұлдыздың үлкен тойында бос қосайық деп айтып қалды ғой. Ол кезде Нұржан Төлендиев ұлын үйлендіріп жатыр еді. Ол алдын-ала Шымкентке шақырып қойды. Одан кейін біздің үйде де тойдың ауылы алыс емес сияқты. Әлеуметтік желі шулап жатыр екен. Біз Динара екеуміз білмейміз, жұрттар бізден келіндеріңіз құтты болсын деп сүйінші сұрап жатыр. Сол тойда Алла тағала бас қосуды етсін. Осындай той баршаңызға жұғысты болсын. Алла жар болсын!”, — дейді әнші.