«Жұрттың бәрі сіз сияқты олигарх емес»: Мәжіліс депутатын састырған ауыл шаруашылығы вице-министрі ел назарына ілікті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жұрттың бәрі сіз сияқты олигарх емес»: Мәжіліс депутатын састырған ауыл шаруашылығы вице-министрі ел назарына ілікті

«Жұрттың бәрі сіз сияқты олигарх емес»: Мәжіліс депутатын састырған ауыл шаруашылығы вице-министрі ел назарына ілікті

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаровпен сөзге келіп, оның «олигарх» екенін ашып айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

  • 20 Қыркүйек 2023
  • 89
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ойын ол биылғы астық жинау науқанына қатысты жиындардың бірінде айтып салған.

«Айдарбек Асанұлы, рахмет, кішігірім лекцияңызға, жауап бере кетейін. Бірінші тұқым мәселесі, қазіргі таңда 1 млн тонна астық бар, «Агроэкс» тарапынан сараптама жүргізіледі, тұқымға жараған жағдайда, шаруаларға тауарлық несие ретінде беріледі. Жұрттың барлығы сіз сияқты үлкен шаруа қожалығы емес. Бірінші продукция егетін, екінші, үшінші, бесінші репродукцияға дейін егетіндер бар. Қосымша егер тұқым дұрыс болса ғана беріледі дедім. Аяғына дейін тыңдау керек….», — деді ол.