Жуырда мемлекеттік қызметте «командасымен көшуге» шектеу қойылады - Бәйменов - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жуырда мемлекеттік қызметте «командасымен көшуге» шектеу қойылады - Бәйменов

Жуырда мемлекеттік қызметте «командасымен көшуге» шектеу қойылады - Бәйменов

Мәжілістің қарауына берілген «Мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі бірқатар заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасы кадрлардың бір орыннан екіншісіне «командасымен бірге көшуін» шектейді.

  • 1 Қараша 2012
  • 332
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Әлихан Бәйменов мәлім етті.

«Заңсыз кадрлық шешім қабылдағаны үшін жауапкершілікті күшейттік. Елбасы мемлекеттік орган басшыларының әлі күнге дейін басқа жұмысқа ауысқан кезде өз командасын ала баратынын бірнеше рет сынға алған болатын», — деді ол бейсенбі күні Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
«Сондықтан заң жобасында мемлекеттік орган басшысы ауысқан кезде кадрларды заңсыз ауыстырған лауазымды қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру көзделген», — деді агенттік төрағасы.
Оның айтуынша, тек елбасы белгілеген жағдайларда ғана мемлекеттік органның бірінен екіншісіне ауысуға болады. «Белгілі бір маманның лауазымын бір ғана мемлекеттік орган ішінде немесе конкурс бойынша өсіруге болады», — дейді Ә.Бәйменов.

Соңғы жаңалықтар