Жуырда Қазақстаннан Әзербайжанға күкірт кесектерінің алғашқы тәжірибелік партиясы жөнелтіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жуырда Қазақстаннан Әзербайжанға күкірт кесектерінің алғашқы тәжірибелік партиясы жөнелтіледі

Жуырда Қазақстаннан Әзербайжанға күкірт кесектерінің алғашқы тәжірибелік партиясы жөнелтіледі

Осы аптада Қазақстаннан Әзербайжанға химия өнеркәсібінің шикізаты болып табылатын күкірт кесектерінің алғашқы тәжірибелік партиясы жөнелтіледі. Бұл туралы Ақтау теңіз айлағының корпоративтік даму басқармасының бастығы Дәурен Құтпанбаев журналистерге мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бакуден.

  • 15 Қараша 2004
  • 432
Фото - Caravan.kz

Д.Құтпанбаевтың айтуынша, бұл партияның көлемі 1000 тоннадан асады, алайда болашақта оның көлемі артуы мүмкін. Жүк Ақтау айлағының паром терминалы арқылы жөнелтіліп, одан әрі Каспий теңіз шаруашылығының паромдарына вагонмен тиеледі. Бакуге жеткізілген жүк одан әрі Әзербайжандағы химия индустриясының орталығы, үлкендігі жағынан екінші қалаға саналатын Сумгаитке жіберіледі.

Жүк иесі — «Теңізшевройл» компаниясы. «Кесек түріндегі күкірт ТШО -ның көмірсутегі шикізатын өндіруі барысында жинақталады»,- деді Д.Құтпанбаев.

Перейти к новостям спорта