«Ораза өмірімізді құтқарып қалды. Мұсылмандар бұл кезде ұйықтамаған болатын, яғни сәресіге дайындалып жатқан едік. Осы арқылы олар өздерін де, өзгелерді де аман алып қалды», – дейді өртке шыққан үйде тұратын судандық азамат.
Тілсіз жаудан 6 адам құрбан болып, 70-тен астам жан түрлі дене жарақатын алған. Тілсіз жаудың дер кезінде тізгінделмеуіне аталмыш ғимаратта өрт дабылы істемейтіні себеп болған.