Жүзгіш Майкл Фелпс 19-шы медалін алып, Лариса Латынованың рекордын жаңартты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүзгіш Майкл Фелпс 19-шы медалін алып, Лариса Латынованың рекордын жаңартты

Жүзгіш Майкл Фелпс 19-шы медалін алып, Лариса Латынованың рекордын жаңартты

Танымал америкалық жүзгіш Майкл Фелпс 19-шы медалін алып, кеңес гимнасшысы Лариса Латынованың рекордынан асты.

  • 1 Тамыз 2012
  • 516
Фото - Caravan.kz

Соңғы алтын медалін эстафета құрамында 4х200 метр қашықтыққа еркін әдіспен жүзуде еншіледі. АҚШ-тың құрама командасы 6 минут 59,70 секундты көрсетті.

Бұған дейін ол сейсенбі күні оңтүстікафрикалық Чад Ле Клоға есесін жіберіп, баттерфляймен 200 метр қашықтықта «күміс» олжалаған болатын. Сондай-ақ Лондон-2012 ойындарында еркін әдіспен 4х100 метр қашықтыққа жүзуде тағы бір күміс медаль алды.

Қазіргі уақытта американдықтың жеке қоржынында — 15 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль бар.