Жүкті әйелдерге қанша теңге берілетіні белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 527.23
  • 544.05
-11 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүкті әйелдерге қанша теңге берілетіні белгілі болды

Жүкті әйелдерге қанша теңге берілетіні белгілі болды

Елімізде жұмыс істейтін әйелдер жүктілікке және босануына байланысы қанша теңге көлемінде әлеуметтік төлем алады? ОКҚ-да балалардың құқықтарына қатысты өткен дөңгелек үстелде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары Ғалия Жабагина оның алгоритмін түсіндірді

  • 30 Мамыр 2024
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жабагина атап өткендей, елімізде жұмыс істейтін әйелдерге жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-дан бірреттік төлемдер тағайындалады.

Биыл мұндай төлемді 285 мыңнан астам ана алады. Төлем мөлшері соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына байланысты болады. 4 айдың қорытындысы бойынша бұл төлемді 90 мыңнан астам адам алды, — деді Еңбекмині өкілі дөңгелек үстелде.

Еске сала кетейік, Қазақстанда жеңіл босанған жағдайда декреттік демалысқа 126 күн беріледі. Атап айтқанда, босанғанға дейін 70 күн (жүктіліктің 30-аптасында) және босанған соң 56 күн деп есептеледі.

Жүктілік және декреттік демалысқа төлемдерді қалай есептеу керегін мына жерден оқуға болады.