Жүкті кезінде шаш қидырып, кірпік жапсыратын әйелдерден ауру бала туады - гинеколог - kaz.caravan.kz
  • $ 527.3
  • 544.86
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүкті кезінде шаш қидырып, кірпік жапсыратын әйелдерден ауру бала туады - гинеколог

Жүкті кезінде шаш қидырып, кірпік жапсыратын әйелдерден ауру бала туады - гинеколог

Ол сәндену процедураларында химияға тұнып тұрғанын айтты.

  • 5 Қаңтар
  • 28
Фото: видеодан скриншот

Тараз қаласындағы гинеколог дәрігер, 45 жылдық тәжірибесі бар Маржан Сағымбекова бала көтеруді жоспарлап жүрген қыз-келіншектер мен жүкті әйелдерге кеңес берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

«Кеңес заманында жүкті әйелдерге шашын кесуге, боянуға, тырнақ жасатуға рұқсат бермейтін. Жуынбай, кір-қожалақ болып жүр деп отырған жоқпын.  Ал, қазір келіншектер перзентханаға барарда боянатыны соншалық, театрға барғандай келеді. Бірақ оның бәрі — химия. Қазір сән салонында жүкті адамдар өте көп. Шашын неше түрлі етіп қияды, кірпік жабыстырып, еріндерін ісітеді. Оның бәрі жатырға, балаға кетеді. Одан кейін қандай бала туады? Неге аутизм көп, неге церебралды параличпен туған бала көп?», — дейді ол.

Дәрігердің айтуынша, қазір емханаларда ауру бала көбейген. 

«Дені сау бала тумайды. Барлық себеп осында жатыр. Қыз, келіншектер, бала көтеремін деп жоспарласаңдар, жауапкершілікпен қараңдар. Жатырда жатқан балаға жағдай жасаңдар. Ол бала 9 ай химиясыз өсуі керек. Олар біздің болашығымыз ғой», — дейді Маржан Сағымбекова

Ал, Қазақстандағы дәрігерлер туралы ақпарат жариялайтын сайттардың бірінде Маржан Сағымбекованың Таразда жұмыс істейтіні және жалпы тәжірибесі 45 жыл екені жазылған.