Жүкті шамадан артық тиеген ауыр көліктерді бақылау күшейтілді – министрлік - kaz.caravan.kz
  • $ 480.63
  • 535.13
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүкті шамадан артық тиеген ауыр көліктерді бақылау күшейтілді – министрлік

Жүкті шамадан артық тиеген ауыр көліктерді бақылау күшейтілді – министрлік

ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Алтай Әлі шамадан артық жүк тиеген ауыр көліктерді жолдарда тіркеу жүйесіне қатысты түсінік берді.

  • 12 Қыркүйек
  • 1
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Биыл елімізде автомобиль жолдарын жөндеу және салу бойынша жұмыстардың рекордтық саны жүріп жатыр, бұл шамамен 12 мың шақырым. Жол құрылысымен қатар, оның сақталуын қамтамасыз ету міндеті тұр. Жолдардың бұзылуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі – рұқсат етілген салмақтан асыра тиеп, ауыр жүк автокөліктерін жолға шығару. 95 мың км жолдағы көліктік бақылау 47 жылжымалы бекет күшімен жүзеге асырылады, яғни 1 бекетке 2 мың км-ға дейін келеді. Сондықтан барлық жолды бақылаумен, тек жылжымалы бекеттердің күшімен толық қамту іс жүзінде мүмкін емес. Осыған байланысты көліктік бақылау саласында цифрландыру енгізіліп жатыр, онда тексеру процесінде адами фактор алынып тасталады», — деді Алтай Әлі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, тиісті заң аясында республикалық маңызы бар автожолдарда автоматтандырылған өлшеу станцияларын (АӨС) орнату құзыреті «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ға, ал жергілікті автожолдарда жергілікті атқарушы оргадарға жатқызылған. Бұл тұрғыда жергілікті атқарушы органдар 150 АӨС орнатуға дайын.
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ республикалық жолдарда шамамен 70 АӨС орнатуды жоспарлап отыр.

«Атап айтқанда, «Сергек» қағидаты бойынша айыппұлды адамның қатысуынсыз ресімдеу үшін Көлік министрлігі мен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Былтыр Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалаға автокөлік кіретін негізгі 7 орында АӨС орнату бойынша жұмыс басталды. АӨС жоқ жерлерде жүк көліктерінің жүруіне тыйым салатын белгілер орнатылады және бұл жолдар «Сергек» камералары арқылы бақыланады», — деді комитет басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, биылғы 1 қыркүйектен бастап Астанада жүк автокөліктерін бақылауды АӨС жүйесі қамтамасыз ете бастады. Бұл ретте, 100 км радиуста орналасқан 29 карьерден қалаға инертті материалдарды тасымалдайтын 6305 жүк көлігі қамтылып отыр.

«Қазір еліміздің жолдарында 5 млн-ға жуық автокөлік жүр, оның ішінде 55 мыңға жуық жүк көлігі жолдың бұзылуына әсер етіп жатыр. Мемлекет жыл сайын автожолдарды салу мен жөндеуге миллиардтаған қаражат бөліп келеді. Сондықтан біздің міндетіміз – жол инфрақұрылымының сақталуын барынша қамтамасыз. Сонымен бірге салмақ параметрлерін бұзғаны үшін жауапкершілік жүк жөнелтушіге де жүктеледі. Бұл тұрғыда жүкті артық тиемеу үшін карьерлермен, сондай-ақ бетон зауыттарымен тиісті жұмысты атқарып жатырмыз. Бұл талаптарды бұзғаны үшін жүк жөнелтушілерге 30-100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Қазіргі кезде Астана қаласында 53 бетон зауыты мен 1137 миксер (бетон тасымалдайтын көлік) бар», — деді Алтай Әлі.