"Жыл адамы- Жыл таңдауы-2003" ұлттық байқау-фестивальдің жеңімпаздары анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жыл адамы- Жыл таңдауы-2003" ұлттық байқау-фестивальдің жеңімпаздары анықталды

"Жыл адамы- Жыл таңдауы-2003" ұлттық байқау-фестивальдің жеңімпаздары анықталды

"Жыл адамы- Жыл таңдауы-2003" ұлттық байқау-фестивальдің жеңімпаздары анықталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Қараша 2003
  • 1171
Фото - Caravan.kz

«Жыл адамы- 2003» байқауының жеңімпазы деген атаққа еліміздің алты ардақты азаматы ие болды: жылдың таңдаулы ғылым қайреткері атағына Жанкентхан Абылай-ұлы, жыл журналисі атағына Хельча Исмаилова, жыл дәрігері атағына Камал Ормантаев, жыл қаржыгері атағына Нина Жүсіпова, жылдың таңдаулы шетелдік дипломаты атағына Владимир Бабичев, жыл әкімі атағына Виктор Храпунов лайық деп танылды.

Сондай-ақ, «Жыл адамы» байқауының ұйымдастыру комитеті «Әлемдік мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін » деген номинация бойынша Әбдіжәміл Нұрпейісовке, «Шығармашылық жеңіс» атты номинация бойынша Медеу Арынбаевқа, «Опера өнерінің жұлдызы» номинациясы бойынша Жанат Бақтаеваға, «Өнердегі аты аңызға айналған адам» номинациясы бойынша Юрий Померанцевқа, «Отаншыл тұлға» номинациясы бойынша марқұм Камал Смайыловқа, «Жыл заңгері» номинациясы бойынша Виолетта Кимге, «Жыл режиссері» номинациясы бойынша Серік Апрымовқа арнайы сыйлықтар табыс етті.
«Жыл таңдауы-2003» фестивалінде жеңіске жеткен жүлдегерлер 72 номинация бойынша марапатталды. Мәселен, жылдың таңдаулы телеарнасы ретінде КТК , қоғамдық-саяси таңдаулы апталық ретінде «Новое поколение» газеті, жылдың таңдаулы халықтық газеті ретінде «Время » газеті, қоғамдық-саяси апталық газет ретінде «Экспресс-К» , жылдың таңдаулы радиосы ретінде «Европа плюс Қазақстан», жылдың таңдаулы сараптамалық журналы ретінде «Континент», әйелдерге арналған жылдың таңдаулы журналы ретінде «Сезон», жылдың таңдаулы банкі ретінде «Қазақстан халық банкі» танылды.
«Сапа академиясы» атты арнаулы сыйлыққа «Vita» сауда маркасымен «Caspian Industries» ЖШС, ал ұйымдастыру комитетінің «Жаңа бейне. Жыл жаңалығы» арнаулы сыйлығына «Мегаполис » газеті ие болды.
Фестивальдің ұйымдастыру комитетінен хабарлағанындай, жеңімпаздарды анықтау процессі бірнеше сатымен жүргізілді. Айталық, еліміздің бірнеше үлкен қалаларында социологиялық сауалнама жүргізіліп, дегустациялық комиссиялардың тауарларға «бейхабар күйдегі » сараптамасы өткізіліп, сарапшы қазылар алқасы мүшелерінің салыстырма талдауы жүзеге асырылды. «Жыл адамы- Жыл таңдауы-2003» ұлттық байқау-фестивальдің қазылар алқасының құрамына еліміздің беделді әрі танымал азаматтары, әртүрлі мемлекеттік және жеке меншік құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қамтылды.
Дәл осындай фестивальдер ТМД аумағындағы 5 мемлекетте, атап айтсақ, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина және Беларусьте маркетингтік зерттеулер жөніндегі Еуропалық орталықтың қолдауымен өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар