Жыл басынан бастап сыртқы экономикалық келісімдер бойынша іс құжаттар тек екінші деңгейдегі банктерде рәсімделмек
АЛМАТЫ. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today. 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап сыртқы экономикалық келісімдер жөніндегі істердің құжаттары тек екінші деңгейдегі банктерде рәсімделетін болады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне кедендік бақылау департаментінен хабарлады. ҚР экспорт пен импортты валюталық бақылауды реттейтін нормативті-құқықтық актілерді дамыту үшін және ҚР валюталық тәртіпті одан әрі либерализациялау мақсатымен 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап валюталық бақылау жасайтын кедендік органдардың қызметі шектелетін болады. Олар енді экспорттық түсімді бақылау мен импорт арқылы келген тауарды бақылау және олардың құжаттарын рәсімдеуден шеттетілмек. Бұл қызметтерді енді ҚР Ұлттық банкі мен екінші деңгейдегі банкілер атқармақ",-деп атап көрсетілген кедендік бақылау департаменті таратқан хабарламада.