Жыл басынан бері 346 млрд теңге зейнетақы төленді - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері 346 млрд теңге зейнетақы төленді

Жыл басынан бері 346 млрд теңге зейнетақы төленді

Қазақстанда бүгінгі күні барлығы 2 млн 445 мың адам зейнетақы алады

  • 14 Ақпан 2025
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik .kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 346 млрд теңге зейнетақы төленді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 111,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 234,2 млрд теңге қарастырылды.

Қазақстанда бүгінгі күні барлығы 2 млн 445 мың адам зейнетақы алады.

«Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 248 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 789 теңге, базалық зейнетақы – 47 459 теңге», — дейді ведомство.

2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақы көлемі ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-не дейін, ең жоғары – 120%-ке дейін жыл сайын кезең-кезеңімен артады.