Жыл басынан бері 8 судья жағымсыз себептермен жұмыстан қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері 8 судья жағымсыз себептермен жұмыстан қуылды

Жыл басынан бері 8 судья жағымсыз себептермен жұмыстан қуылды

Жыл басынан бері 8 судья жағымсыз себептермен жұмыстан қуылды, деп ҚР Жоғарғы сотынан хабарлады.

  • 17 Маусым 2011
  • 402
Фото - Caravan.kz

«Қызметтерінен босатылған жергілікті соттардың судьяларының жалпы санына келетін болсақ, олар 2011-ші жылдың 16-шы маусымына 35 адам болды. Оның негізгі себептіері отставкаға кету, басқа қызметке тағайындалуы, және 8 адам жағымсыз себептермен жұмыстан шығарылды», — деп ЖС ресми өкілі Оксана Петерс жұма күні брифингте мәлім етті.

Ол ҚР Жоғарғы соты сот әділеттілігін одан ары жетілдіру және судьялардың қатарын арамза тұлғалардан тазарту мақсатында республикадағы әр судьяның қызметіне баға беру жұмысын жүргізгенін айтып берді.

Жалпы алғанда сот мониторингі аясында ағымдағы жылдың 5 айында 95 судьяға қатысты материалдар қарастырылды. Сондай-ақ жалпы отырыстарда 76 судьяға қатысты іс қаралды. Сот мониторингісінің саласына іліккен басқа судьялар қызметтен өз еркімен кету туралы өтініштерін берді, сондай-ақ кейбіреулері тәртіптік-квалификациялық комиссиясының және сот алқасының шешімімен жұмыстан босатылды.

«Өз еріктерімен жұмыстан кеткен судьялар оларға жүктелген міндеттер мен жауапкершілікті атқара алмады», — деді О. Петерс.