Жыл басынан бері әділет органдарының 5 қызметкеріне қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды
Ағымдағы жылдың бес айында әділет органдарының 5 қызметкеріне қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті. |
Оның атап өтуінше, Әділет министрлігінде жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілу үстінде. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде әділет органдарының қызметкерлері жасайтын жемқорлық сипаттағы қылмыстардың саны айтарлықтай төмендеген.
«Атап айтқанда, 2011 жылдың 5 айында әділет органдарының 5 қызметкеріне қатысты жемқорлық қылмыс бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 7 тұлғаға қатысты 8 қылмыстық іс қозғалған болатын», - деді ресми өкіл.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Әділет министрлігі азаматтар мен заңды тұлғалар тарапынан келіп түскен 12 өтінішті қараған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін