Жыл басынан бері Алматы облысы аумағында 700 өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері Алматы облысы аумағында 700 өрт шықты

Жыл басынан бері Алматы облысы аумағында 700 өрт шықты

Жыл басынан бері Алматы облысы аумағында 665 млн. теңгенің материалдық шығынына душар еткен 700 өрт шықты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі басқармасынан хабарлады.

  • 12 Тамыз 2004
  • 428
Фото - Caravan.kz

Басқарма мәліметіне сәйкес, өрт салдарынан 45 адам, соның ішінде 2 бала мерт болып, 76 адам түрлі жарақат алып, 400 тоннадай жем отқа оранды.

Өрт салдарынан адамдардың мерт болу жағдайына жасалған талдау қорытындысы олардың басым бөлігінің мас күйінде отпен ойнауы қайғылы жағдайға душар ететінін көрсетіп отыр. Дәл осындай себеппен 28 адам тірідей отқа жанып кеткен.
Адам өліміне апарып соққан себептер тізімінде бірінші орында мас күйінде төсек үстінде темекі тарту және отпен абайсыз қарым-қатынас жасау тұр. Олардың әрбіреуінен 14 адамнан мерт болды.

Перейти к новостям спорта