Тіркелген барлық қылмыстың 287-сі әшкереленіп, әзірге 20-сының беті ашылмай отыр. Әйтсе де, полиция , зардап шеккендердің 50 проценттен астамы құқық қорғау мекемелерінен көмек сұрамайды деген пікірде.
Сондай-ақ, Алматы облыстық ІІББ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 16-қыркүйекте Іле ауданында кәмелеттік жасқа жетпеген қызды зорлау оқиғасына тосқауыл қойылды. 34 жастағы еркек жергілікті мектептің 7-сынып оқушысын зорлауға әрекет жасаған.
Қазір зорлықшы тұтқындалып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.