Сондай-ақ, қаржы полициясы 12314 дана жасанды акциздік алым марксын тәркіледі.
Жыл басынан бері қаржы полициясының жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде спиртті өнімдердің заңсыз айналымына қатысты 29 дерек әшкереленіп, оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Заңсыз кәсіпкерлік жөніндегі» 190-бабы бойынша 5 қылмыстық іс, «акциздік алым марксын қолдан жасап пайдалану жөніндегі» 208-бабына сәйкес 6 қылмыстық іс қозғалды.
Атап айтсақ, 7-қазанда қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері жасанды акциздік маркалар жапсырылған спиртті өнімдер тиелген автокөлікті ұстау дерегі бойынша қылмыстық істі тексеруді аяқтады. Ақтөбедегі «Кристалл» сауда белгісі бойынша ликер-арақ өнімдерін өндіретін «MAXIMUS» ЖШС-не қарасты көлікті тексеру барысында жасанды акциздік алым маркасы жапсырылған 6000 бөтелке «Московская» арағы табылды. Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 208-бабы, 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап бойынша 500-1000 есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлей отырып 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.