Жыл басынан бері Ақтөбе облысында тұрғын үйлерді салуға 1,5 млрд. теңге игерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында тұрғын үйлерді салуға 1,5 млрд. теңге игерілді

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында тұрғын үйлерді салуға 1,5 млрд. теңге игерілді

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында тұрғын үйлерді салуға 1,5 млрд. теңге игерілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық сәулет және құрылыс басқармасынан хабарлады.

  • 11 Қараша 2003
  • 373
Фото - Caravan.kz

Үстіміздегі жылы Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысын салу мақсатында өткен жылғыдан екі есе артық қаржы жұмсалған. Инвестиция көлемі 1,5 млрд. теңгеден асты. Бұл қаржының үштен бір бөлігі жеке жер үйлерді салуға жұмсаған ақтөбеліктердің өз қаржысы болса, оның 75 проценті облыс орталығының үлесінде.

«Жыл әлі аяқталмаса да, біз 7 бірдей көп пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру мүмкіндігіне ие болдық. Сондай-ақ, Ақтөбедегі «сақалды құрылыстар» жойылды «,- дейді облыстың бас сәулетшісі Болат Егінбаев.
2004-жылы қалалық әкімшіліктің «Әбден тозығы жеткен апатты жағдайдағы үйлерді жөндеу» атты жобасының есебінен қалалық тұрғын үй қоры тағы да ұлғайғалы отыр. Үш жылға есептелген бағдарламаны жүзеге асыруға 248 млн. теңге қарастырылған. Биылғы жылы қалалық биліктің бастамасы бойынша 21 млн. теңгеге бірнеше үйлер мен жатақханалар жөнделді.

Соңғы жаңалықтар