«Ресейліктер Байқоңырды жалға алғаны үшін жыл сайын $115 млн төлейді. Төлемдер тоқсан сайын болады, жыл басынан бері 8,4 млрд теңге аударылды», — деп Р. Даленов бейсенбі күні Twitter-де жазады.
Бұрын хабарланғандай, Ресей Қазақстандық «Байқоңыр» ғарыш айлағын 2050 жылға дейін жалға алған.
Ғарыш айлағын жалға беру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заңға ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылы қол қойды. Ресей Қазақстанға жыл сайын ғарыш айлағы үшін $115 млн төлеп тұрады.
ҚР мен РФ арасында ғарыш айлағының кешенін жалға беру туралы алғашқы жобалық келісімге 1994 жылы наурызда Кремльде екі мемлекет басшылары қол қойған.