Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысының сыртқы сауда айналымы 769 млн. долларды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысының сыртқы сауда айналымы 769 млн. долларды құрады

Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысының сыртқы сауда айналымы 769 млн. долларды құрады

Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысының сыртқы сауда айналымы 769 млн. долларды құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық статистикалық басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 31 Қазан 2003
  • 661
Фото - Caravan.kz

Сыртқы сауда саласы бойынша Батыс Қазақстан облысының әріптестері қатарында әлемнің 79 мемлекеті бар, соның ішінде алыс шетелдерден 69 ел саналады.

Өткен мерзімде ТМД елдерімен тауар айналымы 574,4 млн. долларды, немесе облыстық жалпы тауар айналымының 74,4 процентін құрады, соның ішінде Ресеймен екі арадағы тауар айналымы 551,7 млн. долларға жетті.
Алыс шетелдермен тауар айналымы 194,6 млн. доллар болды. Облыстық кәсіпорындар айналымында Финляндия, Ұлыбритания, Италия және АҚШ елдері ең жоғары үлес иемденеді.
Экспорт көлемі 459,7 млн. долларды құрады. Жалпы экспорт көлемінде минералды өнімдер 95,5 процентті құрайды. Облыстан экспортталған өнімдерді ең көп мөлшерде тұтынушылар қатарында Ресей, Финляндия және Әзербайжан бар.
Импорт үлесі 309,3 млн. долларды құрады. ТМД елдері облысты жылу-энергетикалық ресурстармен, азық-түлік және химиялық өнімдермен қамтамасыз етуде. Бұл елдерден облысқа әкелінетін минералдық отынның 98,7 проценті, химиялық өнімдердің 56,9 проценті, азық-түлік өнімдерінің 80,7 проценті импортталуда.

Соңғы жаңалықтар