«15 тоннадай есірткілік заттар тәркіленді. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 3 тоннаға артық. Соның ішінде 115 килограм героин тәркіленді»,- деді Н.Қарабеков.
Сонымен бірге, оның мәліметіне сәйкес, «ҚР ІІМ-нің есірткі саудасымен күрес бөлімшелері 5,5 мың қылмыстың бетін ашты, есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдауға қатысты 131 дерекке тосқауыл қойылды».
«2006-жылдың 7 айында есірткі сатумен шұғылданатын аймақаралық және мемлекетаралық байланыстары бар 9 ұйымдсқан қылмыстық топ жойылды»,- деді комитет төрағасының орынбасары.
«Жыл басынан бері есірткі сатқаны үшін Ресей, тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан сынды елдердің 70 азаматы жауапкершілікке тартылды»,- деді ол.
Сонымен бірге, Н.Қарабековтың айтуынша, «ағымдағы жылдың 7 айында көңіл көтеру орындарында есірткі тұтынуға қатысты 49 дерек әшкереленіп, заңсыз айналымнан 2 килограмнан астам түрлі есірткілік заттар шығарылды». «Биыл есірткі тұтыну деректері әшкереленген 13 клубтың қожайынынан кәсіпкерлікпен шұғылдануға құқық беретін лицензиясын қайтарып алуға бастама көтерілді»,- деді ол.
ҚР денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, денсаулық сақтау органдарында есірткі тұтынатын 54,5 мың адам тіркеуде тұр. Олардың арасында 4 мың адам — кәмелеттік жасқа жетпегендер мен әйелдер.