Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет мектепке дейінгі тәрбиеден бастап, жоғары білім мен ғылым саласына дейінгі барлық деңгейдегі білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ерекше назар аударып отыр.
2025 жылдың басынан бері елімізде 26,6 мың орынға арналған 303 жаңа балабақша ашылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын барлық бала тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, балабақшаға бармайтын балалардың ата-аналары үшін 5,5 мыңнан астам кеңес беру орталықтары жұмыс істейді, — делінген ақпаратта.
Сонымен бірге, «Ақша баланың соңынан жүреді» қағидатына негізделген ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілуде. Пилоттық жоба 20 қала мен 7 ауданда жүзеге асуда, оған 4,8 мың мектепке дейінгі ұйым қатысуда және 671 мыңнан астам ваучер берілген. Нәтижесінде балабақша кезегі екі есеге жуық қысқарды.