Жыл басынан бері еліміздегі Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 9 процентті құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері еліміздегі Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 9 процентті құрады

Жыл басынан бері еліміздегі Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 9 процентті құрады

2005-жылдың 10 айында Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 9 процентті құрады. Бұл туралы бүгін, 21-қарашада үкіметтің кеңейтілген отырысында республика үкімет басшысы Даниал Ахметов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қараша 2005
  • 349
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысының айтуынша, осы мерзімде өнеркәсіп өнімінің көлемі 4 процентке, оның ішінде машина жасау саласының өнімі 16,6 процентке артты. Ауылшаруашылығы өнімінің мөлшері 6,5 процентке өсті. Жыл басынан бері нагізгі капиталға салынған инвестиция ауқымы 23 процентке, тауар айналымы 12 процентке, жүк тасымалы 6 процентке өсті. Қаңтар-қазан айларында байланыс қызметінің көлемі 26 процентке артты.

Ағымдағы жылдың 10 айында инфляция 6 процентті құраса, сыртқы сауда айналымы 42 процентке артты. Халықтың жан басына шаққандағы нақты кірісі жыл басынан бері 9,6 процентке өсіп, айлық орташа номинал жалақы 32 мың теңгеден асса, нақты жалақы 9,3 процентке артты.

Перейти к новостям спорта