Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауларында 33 мыңнан астам азамат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауларында 33 мыңнан астам азамат болды

Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауларында 33 мыңнан астам азамат болды

2011 жылдың басынан бері «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауларында 33 мыңнан астам азамат болды. Бұл туралы бүгін ҚР Әділет министрлігінде «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдаулар қызметіне арналған мәселелер бойынша өткізілген бейне конференция барысында партия хатшысы Сергей Громов мәлім етті.

  • 12 Шiлде 2011
  • 379
Фото - Caravan.kz

Сөз арасында партия хатшысы соңғы жылдары ел азаматтарының партия қоғамдық қабылдауларына келу көрсеткішінің артып отырғанын атап өтті. Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында қоғамдық қабылдауларда 33 мыңнан астам азамат болған. Бұл өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 1,5 мың адамға артық көрсеткіш. С. Громовтың айтуынша, азаматтар тарапынан жасалынатын өтініштердің, шағымдардың тақырыптық ауқымы да біршама өзгеріске ұшыраған. «Алайда бірінші орында әлі де әлеуметтік проблемалар қала береді. Дегенмен, тұрғын үй-коммуналдық сала проблемалары, баспанамен қамту және зейнатақы мен жәрдемақы төлемдерін аударуға қатысты шағымдар саны біршама азайды. Әйткенмен, жалақы төлемдері проблемалары бойынша шағымданушылар саны екі есеге артып отыр. Бұл біз үшін алаңдатарлық фактор болуы да тиіс. Ұлт көшбасшысы Үкіметке және де барлық деңгейдегі атқарушы органдарға, партияға жұмысшылардың жалақылар төлемін міндетті түрде бақылауда ұстау туралы тапсырма бергені белгілі. Бұл шаруада ешқандай да кешіктіру мен кейінге шегерулер болмауы шарт. Мен партияның әрбір филиалы осы проблемаға жіті назар аудару керек деп санаймын», — деді С.Громов.

Сонымен қатар, партия хатшысы қоғамдық қабылдаулардың жұмыс сапасына тоқтала келе, бірқатар облыстардағы қабылдауларды сынға алды. «2010 жылдан бастап барлық жерлерде азаматтарды қабылдаудың бір күні жүргізіліп келеді. Ондай шара барысында көптеген проблемалар сол орында шешімін табатыны белгілі болған. Алайда, Қызылорда мен Қостанай облыстарындағы партия филиалдарының қоғамдық қабылдаулары есепті кезеңде мұндай акцияны бір рет те өткізген емес. Бұл не деген тәртіпсіздік?» — деді ол. Сонымен қатар, партия хатшысы жыл басынан бері азаматтар тарапынан жолданған жазбаша өтініштердің 40 пайыздан астамы бойынша оң шешім шығарылғанын атап өтті.

Сөз соңында С. Громов өңірлердегі Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының атқарылуына назар аудартты. «Біз әрбір облыста, әрбір аудан мен қалада аталмыш бағдарламаның жүзеге асуына жәрдемдесуіміз керек. Ең бастысы индустриялық-инновациялық жобаларды іс жүзіне асыруға септігімізді тигізуге тиіспіз. Осыған назар аударалық», — деді С.Громов.

Соңғы жаңалықтар