Жыл басынан бері Павлодарда пәтер тонауға қатысқан 400-дей адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері Павлодарда пәтер тонауға қатысқан 400-дей адам ұсталды

Жыл басынан бері Павлодарда пәтер тонауға қатысқан 400-дей адам ұсталды

Жыл басынан бері Павлодарда пәтер тонауға қатысқан 430 адам ұсталды. Бұл туралы Павлодар облыстық ІІБ-ның мүлікке қатысты қылмыстарды ашу жөніндегі бөлімінің аға уәкілі Серік Құлбаев баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 27 Қараша 2003
  • 573
Фото - Caravan.kz

Биыл тәртіп сақшылары пәтер тонауды кәсіпке айналдырған 74 топты заласыздандырды. Аталмыш бап бойынша 401 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

2003-жыл басынан бері Павлодар облысында жалпы алғанда 885 пәтер тонау оқиғасы тіркелді, олардың басым бөлігі Павлодар және Екібастұз қалаларының үлесінде. Кейбір пәтерлерден қылмыскерлер жалпы сомасы 1 млн. теңгеден асатын заттар мен ақшаларды тонап кеткен.
Атап айтсақ, жуырда Павлодарда ең бір қауіпті топ ұсталды. Бұл топта бұған дейін де пәтер тонағаны үшін сотталған 30 жасқа дейінгі бес кәнігі қылмыскер шоғырланған көрінеді. Бұл топ көп қабатты үйлердегі ағаш есік орнатылған пәтерлерді тонауды кәсіпке айналдырса керек. Қылмыскерлер үй қожайындарының басқан ізін аңдып, олар жұмысқа кеткен кезде есікті бұзып кіріп, үйдің ішін үптеп кетіп отырған. Алдын-ала мәлімет бойынша, әзірге бұл топқа 7 пәтер тонағаны үшін айып тағылып отыр.
Бірақ тәртіп сақшылары олардың басқа да осы тектес қылмыстарға қатыстылығын дәлелдеу мүмкіндігі бар дейді.
Тағы бір қылмыстық топ Павлодардың жеке меншік үйлер орналасқан аймағын торуылдаған. Олар жеке меншік жай үйлерге желдеткіш арқылы кіруге машықтаныпты.

Соңғы жаңалықтар