Жыл басынан бері Қарағанды облыстық қаржы полициясы департаменті 700 қылмыстық іс қозғады, оның 95 проценті экономика саласындағы қылмыстарға байланысты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері Қарағанды облыстық қаржы полициясы департаменті 700 қылмыстық іс қозғады, оның 95 проценті экономика саласындағы қылмыстарға байланысты

Жыл басынан бері Қарағанды облыстық қаржы полициясы департаменті 700 қылмыстық іс қозғады, оның 95 проценті экономика саласындағы қылмыстарға байланысты

Жыл басынан бері Қарағанды облыстық қаржы полициясы департаменті 700 қылмыстық іс қозғады, оның 95 проценті экономика саласындағы қылмыстарға байланысты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Тамыз 2003
  • 535
Фото - Caravan.kz

Бүгінде қылмыстық істердің 80 проценті бойынша қылмыстық іс жүргізу аяқталып, олардың 54 проценті сотқа жіберілді. Олардың жартысынан астамы сотта қаралып үкім шығарылды. Аталмыш істер бойынша 70 млн. теңгенің шығыны өндіріп алынды.

Қаржы полициясы департаментінің жедел ақпарлары арасында кәсіпкерлікпен заңсыз айналысу, билігі мен лауазымдық құқығын асыра пайдалану, мәнсабын пайдаланып қаржы жымқыру, несиені заңсыз алу және оны мақсатсыз жұмсап жіберу, салық төлеуден жалтару т.б. қылмыс түрлері бар.
Мәселен, қаржы полициясы департаментінің мәліметіне сәйкес, Приозерск қаласындағы бір серіктестіктің директоры лицензиясы жоқ бола тұра түсті металл қалдықтарын жинау, сақтау және сатумен айналысып келген. Оның заңсыз тапқан пайдасының мөлшері 47 мың долларды құрады. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Тағы бір мысал келтіре кетсек, облысқа бағынатын бір қала әкімінің орынбасары бюджеттен бөлінген 8 млн. теңгені бір серіктестік қаланың азық-түлік қорын қалыптастыру үшін астық сатып алу мақсатына жұмсады деп жалған ақпарат берген. Ал әлгі қаржы шын мәнінде басқа мақсатқа жұмсалып кетсе керек. Аталмыш дерек бойынша да қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар