Жыл басынан бері Қазақстанда 19,1 млн тонна астық бастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері Қазақстанда 19,1 млн тонна астық бастырылды

Жыл басынан бері Қазақстанда 19,1 млн тонна астық бастырылды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында астық жинау науқанының қорытындылары қаралды. 

  • 14 Қазан 2019
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров мұндағы жағдай туралы баяндап берді. Қазіргі таңда жалпы 15,2 млн га дәнді-дақыл алқабының 15,1 млн га жиналды, бұл 99,2% құрайды. Орташа өнім алу 12,6 ц/га болғанда, 19,1 млн тонна астық бастырылды.

«Биыл ауа райының жайсыз болуына байланысты біз өткен жылмен салыстырғанда бункерлік салмағында 2 млн тоннаға кем астық жинадық. Ауыл шаруашылығы министрлігіне нанға бағаны тұрақтандыру үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясымен астықты уақытылы сатып алуды қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Қазақстандағы ауа райының ерекшеліктерін ескере отырып, жиналған астықты сақтап қалу үшін барлық шараны қолға алу, нан қабылдау кәсіпорындары астықты сақтауды, сондай-ақ ылғал астықты өңдеу мен кептіруді уақытылы қабылдауды қамтамасыз етуі қажеттігін атап өтті. 

Премьер-Министр ауыл шаруашылығы құрылымдарының келесі жылға жиын-терім тұқымдарына қажеттілігін және олардың сапасын тексеруді қамтамасыз етуді, жаңа жиын-терім астығын экспорттау бойынша дайындық жұмыстары аясында логистика мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауды, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғарғы ылғалдылығын ескерумен биылғы қазан-қараша айларында астық пен тұқымды кептіруді жүргізу үшін облыстарға дизельді отынның қосымша көлемін бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды.