Жыл басынан бері ҚР-да өсімдік шаруашылығының өнімдері 14,5%-ға қымбаттады
Қазақстанда өсімдік шаруашылығының өнімдері жыл басынан бері 14,5%-ға қымбаттады, деп хабарлайды ҚР статистика агенттігі. |
2011 жылғы маусымда өткен 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 14,5%, мал шаруашылығы өнімі - 6,7%-ға қымбаттады, делінген жұма күні таратылған ақпаратта.
Статистика мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда баға бидайға 16,4%, арпаға - 13,8%, сұлыға - 12,8%, қарақұмыққа - 6%, жүгеріге - 5%, қара бидайға - 4,5%, күрішке - 3,2%-ға өсті.
Қырыққабат 27,3%, картоп - 18,2%, асханалық қызылша - 18%, басты пияз - 16,2%, сәбіз - 11,3%-ға қымбаттады.
Баға өсімі күнбағыс тұқымына 11,4%, бұршаққа - 5%-ды құрады. Баға қой етіне 16%, ірі қара мал етіне - 15,2%, жылқы етіне - 8,4%, құс етіне - 3,7%, шошқа етіне - 2,3%-ға өсті.
Шикі сүт 8,9%, жүн - 5,5%, бал - 5,1%-ға қымбаттады, ал жұмыртқа 18,8%-ға арзандады .
І жарты жылдықта ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 11,3%-ға қымбаттады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін