Жарияланды: 520

Жыл басынан бері Қылмыстық атқару жүйесі комитеті қызметкерлерінің үстінен сыбайлас жемқорлық белгілері бойынша 27 қылмыстық іс қозғалды

Астана. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Жыл басынан бері Қылмыстық атқару жүйесі комитеті қызметкерлерінің үстінен сыбайлас жемқорлық белгілері бойынша 27 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің штаб-басқармасының бастығы Есқали Саламатов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Биылғы жылдың 9 айында Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің 26 қызметкерінің үстінен сыбайлас жемқорлық белгілері бойынша 27 қылмыстық іс қозғалды. Соның ішінде 15 қылмыстық іс Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ішкі қауіпсіздік қызметінің күшімен қозғалды ", - деді Е. Саламатов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін