Жыл басынан бері республика бойынша экологиялық заңнаманы бұзуға қатысты 83 оқиға тіркелген - ҚР ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері республика бойынша  экологиялық заңнаманы бұзуға қатысты 83 оқиға тіркелген  - ҚР ІІМ

Жыл басынан бері республика бойынша экологиялық заңнаманы бұзуға қатысты 83 оқиға тіркелген - ҚР ІІМ

АСТАНА. 22 ақпан. Kazakhstan Today. Жыл басынан бері республика бойынша экологиялық заңнаманы бұзуға қатысты 83 оқиға тіркелген. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР ІІМ табиғат қорғау полициясы бөлімінен хабарлады.

  • 22 Ақпан 2007
  • 379
Фото - Caravan.kz



Олардың ішінде су жануарларын заңсыз ұстау туралы 17 дерек, заңсыз аң аулау жөнінде 15 оқиға, ағаштарды кесуге байланысты 51 дерек бар. 40 көлік, оның ішінде қарда жүретін бір көлік қолға түсті. «Браконьерлерден 350 шаршы метр ағаш, 10 тонна заңсыз ауланған балық, олардың арасында 540 кг бекіре тұқымдас, 13 бұғы, 4 қабан, 112 ондатр, 4 қырғауыл тәркіленді»,-деді полицелер.

Сонымен қатар, полицейлердің деректері бойынша, қажетті құжаттары жоқ 23 аңшы мылтығы, 8 қақпан қолға түскен.

Аталған деректер бойынша 20 қылмыстық іс, олардың арасында заңсыз аңшылық жасағаны үшін 5, ағаштарды заңсыз кескені үшін 10 іс қозғалған. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексінің «Қылмыстық жолмен тапқан мүліктерді заңсыз алу немесе сату жөніндегі» 183 бабы бойынша 5 қылмыстық іс қозғалды. Әкімшілік жауапкершілікке 48 заң бұзушы тартылды.