Осы мерзімде 11,3 мың дана жасанды акциздік марка тәркіленіп, жасанды акциздік өнімдер өндіруге арналған екі цех әшкереленіп, ҚР Қылмыстық Кодексінің «Заңсыз кәсіпкерлік жөніндегі» 190-бабына сәйкес 13 қылмыстық іс қозғалды.
Атап айтсақ, қазан айында спиртті өнімдердің көтерме саудасымен айналысуға лизенциясы жоқ бола тұра арақ сатумен айналысқан Мамлютка қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кәсіпкерден 94,5 мың теңгенің 1260 бөтелке арағы тәркіленді.
Жыл басынан бері ҚР Қылмыстық Кодексінің «Заңсыз кәсіпкерлік жөніндегі» 190-бабына сәйкес акцизді өнімдердің заңсыз айналымына тікелей қатысы бар 9 қылмыс әшкереленді, сондай-ақ, осы салада 78 құқық бұзушылық оқиғасының беті ашылды.