Жыл басынан бері теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды

Жыл басынан бері теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды

2024 жылдың үш айының қорытындысы бойынша теңге бағамы долларға, еуроға, Ресей рубліне және Қытай юаніне қатысты нығайды

  • 2 Сәуiр
  • 12
freepik

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша наурыз айында теңге бағамы 0,9% — ға нығайды. Бір АҚШ доллары үшін 446,77 теңгеге дейін қалыптасты.

Алайда теңге тек долларға ғана емес, жыл басынан бері басқа да негізгі валюталарға қатысты нығайды. Ресми статистикаға сәйкес:

  • еуро қаңтар айының басында 502,2 теңгеден наурыз айының соңына қарай 481,8 теңгеге дейін;
  • Ресей рублі 0,22 теңгеге – 1 сәуірге қарай 5,06 теңгеден 4,84 теңгеге дейін нығайды.

Қытай юаны да теңгеге қатысты біршама әлсіреді – қаңтардың басында 63,94-тен сәуір айының басында 61,88-ге дейін.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) сауалнамасына қатысқан сарапшылардың бағалауы бойынша, сәуір айында USD/KZT бағамы бір доллар үшін 454,4 теңгеге жетуі мүмкін. Алайда, қазіргі уақытта теңге бағамы, керісінше, нығаюды көрсетюде.

1 сәуірдегі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қайтадан 446,56 теңгеге дейін төмендеді. Еуро 481,81 теңге деңгейінде қалыптасса, рубль – 4,84 теңге, юань бойынша сауда-саттық өткізілмеді.