«Есепті мерзімде туризм саласына жұмсалған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,5 есе өсіп, 63 млрд теңгені құрады», -деді Е. Никитинский.
Оның айтуынша, «мемлекеттік бағдарлама аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру отандық туризмді дамытуға оң әсерін тигізді. Жалпы көрсетілген туристік қызметтер көлемі 2008 жылдың бірінші жартысында 2007 жылдың тиісті мерзіміндегі көрсеткіштерден 60,8% артып, 29,5 млрд теңге болды».
«Өңірлерде туристік индустрияның дамуын тежеп отырған бір фактор — жергілікті атқарушы билік тарапынан туристік саланың дамуына ел экономикасын әртараптандыру және шикізаттан басқа секторды басым дамыту тұрғысынн жеткілікті назар аудармауы болуда»,- деді комитет төрағасы.
Атырау және Қызылорда облыстарында туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясындағы іс-шараларды қаржыландыруға жұмсалған қаражат көлемі 2,6 млн теңге, Қостанай облысында — 3,3 млн теңге, Солтүстік Қазақстан облысында — 4,1 млн теңге болса, тек Астанада 2008 жылы — 51,2 млн, Шығыс Қазақстан облысында — 29,2 млн, Алматы облысында — 19,3 млн теңге болды, деді Е. Никитинский.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті