Жарияланды: 340

Жыл басынан бері жол апаттарында 1 мыңға жуық адам қаза болды

6 айда республиканың автожолдарында 4,4 мың жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 997 адам қаза болды, 4,9 мың адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚР ІІМ жол полициясы комитеті.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, жол үстіндегі оқиғалардың саны 6,2%-ға қысқарды, онда қаза болған азаматтардың саны 3,2%-ға, жарақат алғандардың саны 8,7%-ға азайды. Аталған кезеңде жолда жүру ережелерін бұзудың 1 млн 16,4 мың оқиғасының жолы кесілді. Олардың көбі жылдамдықты асыруға байланысты болды - 163,1 мың оқиға, жүргізушінің көлік басқарып келе жатып, ұялы телефон арқылы сөйлесуі - 58,3 мың оқиға, мас күйі көлікті басқару - 26,7 мың, жаяу жүргіншілердің ереже бұзуы - 56,1 мың және қарсы жолаққа шығып кету - 9,2 мың.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін