Жыл басынан бері жол апаттарында 1 мыңға жуық адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері жол апаттарында 1 мыңға жуық адам қаза болды

Жыл басынан бері жол апаттарында 1 мыңға жуық адам қаза болды

6 айда республиканың автожолдарында 4,4 мың жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 997 адам қаза болды, 4,9 мың адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚР ІІМ жол полициясы комитеті.

  • 8 Шiлде 2011
  • 324
Фото - Caravan.kz

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, жол үстіндегі оқиғалардың саны 6,2%-ға қысқарды, онда қаза болған азаматтардың саны 3,2%-ға, жарақат алғандардың саны 8,7%-ға азайды.

Аталған кезеңде жолда жүру ережелерін бұзудың 1 млн 16,4 мың оқиғасының жолы кесілді. Олардың көбі жылдамдықты асыруға байланысты болды — 163,1 мың оқиға, жүргізушінің көлік басқарып келе жатып, ұялы телефон арқылы сөйлесуі — 58,3 мың оқиға, мас күйі көлікті басқару — 26,7 мың, жаяу жүргіншілердің ереже бұзуы — 56,1 мың және қарсы жолаққа шығып кету — 9,2 мың.

Соңғы жаңалықтар