Жыл басынан кедендік органдарға 554 жас маман қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан кедендік органдарға 554 жас маман қабылданды

Жыл басынан кедендік органдарға 554 жас маман қабылданды

2012 жылдың басынан бері елдің кедендік органдары қызметіне 554 жас маман қабылданып, 524 қызметкер, соның ішінде 55-і жағымсыз себептермен жұмыстан шығарылды.

  • 18 Қараша 2012
  • 282
Фото - Caravan.kz

ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз мәлімдемесінде атап өтілгендей, кеден қызметінің басшылығы штатты қалыптастырудың жаңа әдістерін қолдана бастады. Олардың бірі таяуда ғана ілкі режімде іске қосылған «Вакансия» сервисі болып табылады. Сервис кедендік органдарға жұмысқа орналасуды қалайтын кең ауқымды интернет-пайдаланушылардың көңілінен шығып та үлгерді.

Мәселен, Қазақстан Республикасының кез келген азаматы (Интернет-ресурсты пайдаланушы) Кедендік бақылау комитетінің ресми порталы www.e.customs.kz арқылы кедендік органдарға қызметке орналасу үшін іріктеуге қатысуға өтінімін жібере алады.

«Вакансия» жаңа сервисі кедендік органдар қызметіне қабылдау процедурасын анағұрлым ашық етуге мүмкіндік береді және кадр қызметінің түйнемені қабылдаудан негізсіз бас тартуын болдырмай, олардың уақытылы қаралуын қамтамасыз етеді.

Портал іске қосылғалы үш айға жуық уақыттан бері 109 өтінім келіп түсті, олардың ішінде 50 кандидат қазіргі уақытта құжаттарын жинау үстінде және тексерулер мен медкомиссиядан өтуге жолданды. 15-і әңгімелесуге шақырылды, 34-інің өтінімінен біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне (салалық жоғары білімнің болмауына, еңбек өтілінің болмауына және т.б.) байланысты бас тартылды, 5-уінен салалық қызметі бойынша бос орынның болмауына байланысты — бас тартылды.

Осылайша, ілкі жобаның қысқа жұмыс уақыты ішінде аумақтық кедендік органдар басшыларының бұйрығымен кедендік органдарға қызметке 5 online-кандидат қабылданды.

Бұдан бөлек, Кедендік бақылау комитеті жоғары оқу орындарын «Кедендік іс» мамандығы бойынша бітіріп шыққан түлектермен белсенді жұмыстар жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар