"Жыл патриоттары" Қостанайда маусымда республикалық форумда белгілі болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жыл патриоттары" Қостанайда маусымда республикалық форумда белгілі болады

"Жыл патриоттары" Қостанайда маусымда республикалық форумда белгілі болады

Қостанайда 3-4 маусымда IV республикалық "Менің Қазақстаным" деп аталатын патриоттар форумы өтеді.

  • 31 Мамыр 2011
  • 372
Фото - Caravan.kz

Бұл форум Қазақстан тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналмақ, деп хабарлады республиканың мәдениет министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сейсенбіде таралған хабарламаға қарағанда, форум жұмысына Қазақстанның бүкіл аумақтарынан делегаттар қатыспақ, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың, шығармашылық және ғылыми интеллигенцияның , жастардың, БАҚ-ның, соғыс және еңбек ардагерлерінің , әскери-интернационалистердің өкілдері, спортшылар болмақ.
Форумға мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев, мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед қатысады, деп күтілуде.
Форум шеңберінде 3-маусымда қатысушылар Қостанайдың тарихи орындарын, мұражайларын аралап көрмек.
Келесі күні Қостанайда және басқа облыс орталықтарында «Біздің Ту! Біздің Елтаңба! Біздің Әнұран !» патриоттық акциясы өтпек.
«Азаматтық ерлік» жасаған азаматтарға әр түрлі бес номинация бойынша «Жыл патриоты» құрмет белгісін табыс ету рәсімі өтпек.
Бұрыннан белгілі, Қазақстанда 4-маусым Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.

Соңғы жаңалықтар